Мазмұнға өту

ABBA

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
ABBA
логотипі
суреті
1974 жылғы ABBA; солдан оңға қарай: Бенни Андерссон, Анни-Фрид Лингстад, Агнета Фельтског және Бьорн Ульвеус
Негізгі ақпарат
Жанры
Белсенділік
жылдары
  • 1972–1982
  • 2016–2022
Мемлекет

 Швеция

Қайдан

Стокгольм, Швеция

Басқаша атауы

Björn & Benny, Agnetha & Anni-Frid/Frida (1972–1973)
Festfolket (1970–1972)

Өлеңдерінің
тілдері

ағылшын, швед

Лейблі
Бұрынғы
қатысушылары
Басқа да
жобалары
abbasite.com
ABBA

ABBA[a] — 1972 жылы Стокгольмде Агнета Фельтског, Бьорн Ульвеус, Бенни Андерссон және Анни-Фрид Лингстад құрған шведтік поп-музыкалық топ. Олар тарихтағы ең танымал және коммерциялық тұрғыдан ең табысты музыкалық ұжымдардың қатарына жатады.[3]

1974 жылы ABBA «Waterloo» әнімен Швеция атынан Eurovision ән байқауында жеңіске жетті. 2005 жылы байқаудың 50 жылдық мерейтойын тойлау аясында бұл туынды сайыс тарихындағы ең үздік ән болып танылды. Танымалдылықтың шыңында топ екі некелі жұптан құралған еді: Фельтског пен Ульвеус және Лингстад пен Андерссон. Алайда даңқтары артқан сайын олардың жеке өмірлерінде қиындықтар туындап, соңында екі неке де ыдырады. Қарым-қатынастағы бұл өзгерістер топтың кейінгі шығармашылығында көрініс тауып, әндерінің мәтіндері мұңды әрі терең мағыналы бола бастады.[4]

1982 жылғы желтоқсанында ABBA тобы таралғаннан кейін, Андерссон мен Ульвеус сахналық қойылымдар, мюзиклдер мен фильмдерге музыка жазып, табысты жолдарын жалғастырды,[5][6] ал Фельтског пен Лингстад жеке мансаптарымен айналысты.[7][8] Топ тарағаннан кейін он жыл өткен соң «ABBA Gold: Greatest Hits» хиттер жинағы жарық көріп, әлемдік бестселлерге айналды. 1999 жыл ABBA әндерінің желісімен «Mamma Mia!» сахналық мюзиклі дайындалып, әлемдік турнеге шықты.

ABBA бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астам үнтаспа сатып,[9][10] поп-музыка тарихындағы ең табысты орындаушылардың біріне айналды.[11] Олардың «Abba Gold: Greatest Hits» жинағы 2026 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша әлемнің 28-ден астам елінде 128 реттен астам платиналық мәртебе иеленіп,[12] Ұлыбританияның үздік 100 альбом чартында рекордтық 1248 апта бойы тұрды.[13][14]

ABBA — ағылшын тілді емес елдерден шығып, ағылшынтілді мемлекеттердің чарттарында тұрақты түрде көш бастаған алғашқы ұжым. Олар тарихтағы ең көп үнтаспасы сатылған швед тобы және құрлықтық Еуропадан шыққан ең табысты музыкалық жоба ретінде танылды. Сондай-ақ ABBA Латын Америкасында да зор табысқа жетіп, өздерінің басты хиттерін испан тілінде жазып шықты.

2016 жылы топ қайта бірігіп, цифрлық аватарлардың концерттік турын дайындауға кірісті.[15] 2018 жылы олардың жаңа әндер жазғаны белгілі болды. Одан кейін 40 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жаңа туынды — «Voyage» альбомы 2021 жылдың 5 қарашасында жарық көріп, сыншылардың оң бағасына ие болды әрі жоғары сатылым көрсеткіштерін тіркеді.[16] 2022 жылдың мамыр айында Лондонда арнайы салынған «ABBA Arena» сахнасында ABBA мүшелерін виртуалды аватар ретінде көрсететін «ABBA Voyage» концерттік резиденциясының ашылуы өтіп, ол әлем жұртшылығының үлкен қошеметіне бөленді.[17][18]

Дискография

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Студиялық альбомдары

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Концерттік турлары

Концерттік резиденциялары

Ескертпелер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. Топ мүшелерінің есімдерінің бас әріптерінен құралған палиндромдық акроним. Алғашында топ Björn & Benny, Agnetha & Anni-Frid немесе Björn & Benny, Agnetha & Frida деп аталған.

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. Moskowitz David V. The 100 Greatest Bands of All Time: A Guide to the Legends Who Rocked the World  GREENWOOD Publishing Group Incorporated. — P. 1. — ISBN 978-1-4408-0339-0.
  2. Disco, Punk, New Wave, Heavy Metal, and More: Music in the 1970s and 1980s  Britannica Educational Publishing, 2013. — P. 175. — ISBN 978-1-6153-0912-2.
  3. Harrison, Andrew Why are Abba so popular?. BBC. (21 October 2014). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қазан 2021. Тексерілді, 18 қазан 2021.
  4. Youtube video. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 сәуір 2016. Тексерілді, 30 қыркүйек 2016.
  5. Benny Andersson. Biography. (2 April 2014). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 қыркүйек 2018. Тексерілді, 4 шілде 2017.
  6. Björn Ulvaeus. Biography.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 сәуір 2017. Тексерілді, 4 шілде 2017.
  7. Agnetha Fältskog. Biography.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 сәуір 2017. Тексерілді, 4 шілде 2017.
  8. Anni-Frid Lyngstad. Biography.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 сәуір 2019. Тексерілді, 4 шілде 2017.
  9. ABBA awarded Government’s Music Export Prize by Minister for Foreign Trade and Nordic Affairs Anna Hallberg. Culture Victoria Media. (23 March 2022).  — «The Government’s Music Export Prize for extraordinary services to Swedish music exports in 2021 goes to ABBA, awarded by Minister for Foreign Trade and Nordic Affairs Anna Hallberg.»  Тексерілді, 3 наурыз 2026.
  10. Ringstrom, Anna. Sweden awards ABBA export prize, says 'Thank you for the music', Reuters (23 March 2022).
  11. Trauth, Beti. ABBA music enhances 'Mamma Mia!' at the Van Duzer, Times-Standard (28 February 2012).
  12. GOLD – GREATEST HITS by ABBA sales and awards. BestsellingAlbums.org. Тексерілді, 28 ақпан 2026.
  13. Official Albums Chart Top 100. Official Charts Company. Тексерілді, 2 наурыз 2026.
  14. ABBA Gold becomes first album to reach 1000 weeks on the Official Albums Chart. Official Charts Company. Тексерілді, 28 ақпан 2026.
  15. Abba to reunite for 'new entertainment experience', BBC News (26 October 2016).
  16. Abba reunite for Voyage, first new album in 40 years. The Guardian. (2 September 2021). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 қыркүйек 2021. Тексерілді, 10 қыркүйек 2021.
  17. Snapes, Laura. ABBA Voyage review – a dazzling retro-futurist extravaganza, The Guardian (26 May 2022).
  18. Daly, Rhian (27 May 2022). "ABBA Voyage review: a dazzling digital resurrection for pop’s greatest band". NME. https://www.nme.com/reviews/live/abba-voyage-review-london-abba-arena-3232695. Retrieved 28 February 2026.